"Самұрық-Қазына" 650 адамды жұмыстан қысқартпақ – қор басшысы

468

Бұл туралы басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.    

"Самұрық-Қазына" 650 адамды жұмыстан қысқартпақ – қор басшысы Фото: t.me/samrukkazynaofficial

Астанада "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында 650 қызметкерді қысқарту жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, Астана қаласындағы қор қызметкерлерінің жалпы саны 6500 адамды құрайды. Қысқарту осы санның 10 пайызына жуық бөлігін қамтиды. Алайда, өндірістік қызметкерлерге бұл өзгеріс әсер етпейді.

"Қысқарту әкімшілік-басқару бағытындағы қызметкерлерге қатысты болады. Өндірістік ұжымдар мен филиалдар қысқармайды. Шешім қабылдауда қызметкерлерді бағалау жүйесі мен KPI көрсеткіштері ескеріледі", – деді Жақыпов.

Қысқарту шараларын наурыздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Өтемақы мәселесіне қатысты нақты сома айтылмады.

Басшылықтың мәліметінше, төлем шарттары бөлімшелерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Президент "Самұрық-Қазына" қорына нақты талап қойды.

– "Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей, "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды, – деп Мемлекет басшысы ескерту жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу