Самұрық-Қазына Air Astana-дағы 25% акциясын сатады

1170

Самұрық-Қазына Air Astana-дағы 25% акциясын сатады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Эйр Астана" компаниясындағы 25 пайыздық акциясын сатпақ. Әуе компаниясының тағы бір иесі BAE Systems те дәл осындай үлесін саудаға салмақ. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ-тың активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бейсенғалиевтің айтуынша, нарыққа жалпы 50%-ы шығарылған. "Ұлттық тасымалдаушы мәртебесі сақталу үшін басым пакет — 51 %-ын отандық инвестор сатып алу керек", — дейді ол. Компанияның IPO-сы 2018 жылдың басына қарай жоспарланған.

Air Astana — "Самұрық-Қазына" мен BAE Systems компанияларының ортақ мекемесі (51 % және 49 %). Әуетасымалдаушы 2002 жылдың 15 мамырынан бастап тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Компания ұшақтары алпыстан астам халықаралық және ішкі бағыттар бойынша ұшады. Air Astana-ның Boeing-767−300ER, Boeing-757−200, A320 және Embraer E190 ұшақтарынан құралған паркі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу