"Самұрық-Қазына" Арыстағы 68 әлеуметтік нысанды қалпына келтіруді аяқтады

1585

Қор Арыстағы жұмыстарына 1 шілдеден бастап кіріскен болатын.

"Самұрық-Қазына" Арыстағы 68 әлеуметтік нысанды қалпына келтіруді аяқтады

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруді аяқтады. Оның ішінде 64 нысан жөнделіп, 4- уі бұзылып, қайта тұрғызылды, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті.

Бүгінгі таңда 56 нысан пайдалануға берілген, ал 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады. Қайта қалпына келтірілген 4 нысан қыркүйек-қазан айларында пайдалануға беріледі. Олардың қатарында жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар".

"Біз нысандардың жағдайын бағалап, оларды қалпына келтірумен шектеліп қалуға болмайтынын бірауыздан шештік. Сондай-ақ, ғимараттардың жақсаруын қамтамасыз ету керек. Барлық мектептер жиһазбен жабдықталып, сондай-ақ ағаш терезелер пластикалық терезелермен ауыстырылды, ескі футбол алаңның орнына  жаңа алаң құрылды және мекпетке арналған жаңа жиhаз алынды", – деді "Samruk Kazyna Construction" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Айта кету керек, 1 шілдеде қор қираған әлеуметтік нысандарды – 6 балабақшаны, 16 мектепті, 1 колледжді, 30 жеке меншік балабақшаны, 8 денсаулық сақтау нысанын, 4 спорт нысанын, теміржол вокзалын, даңқ алаңы мен орталық алаңын жөндеуді бастады.

"Теміржол вокзалының ғимараты 1904 жылы салынды. Осы уақытқа дейін онда жөндеу жұмыстары тек 5 рет жүргізілген, соңғы рет 2004 ж. Жобалау және жөндеу жұмыстары тиісті лицензиясы бар компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Ғимаратты бастапқы қалпында сақтау үшін барлық шаралар қолданылады", – деп атап өтті Арман Жетпісбай.

Жалпы, "Самұрық-Қазына" Арыс қаласындағы қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына 7  млрд теңге бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу