"Самұрық-Қазына" БАӘ-ның егемен қорымен бірлескен энергетика холдингін құрмақ

658

"Kazyna Capital Management" АҚ және ADQ бірлескен стартап-жобаларды қаржыландыру үшін $100 млн-ға венчурлық қор құрады.

"Самұрық-Қазына" БАӘ-ның егемен қорымен бірлескен энергетика холдингін құрмақ

Премьер-министр Асқар Маминнің БАӘ-ге жұмыс сапарында экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Келісімді іске асырудағы Қазақстанның негізгі әріптесі Абу-Даби ADQ егемен қоры болады.

Келісім аясында "Самұрық-Қазына" АҚ ADQ-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатып, жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканы дамыту жөніндегі бірлескен энергетика холдингін құруға ниетті. 

ҚР-да қуаты 5 ГВт болатын күн, жел және су электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды және т.б. іске асыру жоспарлануда.

"Kazyna Capital Management" АҚ және ADQ ІТ, қаржы технологиялары, агротех, В2В және В2С, телекоммуникациялар, азық-түлік өнімдерін өндіру технологиялары, платформалық шешімдер және цифрлық трансформация және т.б. салаларда бірлескен стартап-жобаларды қаржыландыру үшін $100 млн-ға бірлескен венчурлық қор құрады.

ADQ ҚР-да көтерме-тарату орталықтары желісінің құрылысына қатысады. Компания сондай-ақ Қазақстанның етті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және жеміс бағбаншылығында бірқатар ірі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда.  

"СҚ-Фармация" ЖШС мен Rafed Қазақстанда фармацевтика өнеркәсібін дамытуда ынтымақтастық орнатады.

Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, "Sembol" және "Abu Dhabi Fund for Development" компаниялары ШҚО-да "Катонқарағай" туристік кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары туралы келісімге қол қойды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі арасында, сондай-ақ АХҚО мен Abu Dhabi Global Market (ADGM) қаржы орталығы мен Abu Dhabi Securities Exchange (ADX) биржасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан мен БАӘ пошта қызметтері "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл" тақырыбындағы екі пошта маркасын бірлесіп шығаруды жүзеге асырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу