"Самұрық-Қазына" басшысы үкіметтен активтерді қорғаудың меxанизмін әзірлеуді сұрады

817

Қордың активтеріне тыйым салынуы елдің инвестициялық тартымдылығына жағымсыз әсер етуде.

"Самұрық-Қазына" басшысы үкіметтен активтерді қорғаудың меxанизмін әзірлеуді сұрады

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Аxметжан Есімов шетелде қордың активтеріне арест салу мәселесін көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Өкінішке қарай, автивтерді тыйым салуына байланысты шетелдік юрисдикциялардағы сот процестеріне қорды ұдайы тарту практикасы белең алуда. Атап айтқанда, 2017 жылы Стати талаптары бойынша қорға тиесілі құны 5 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылды. Ал 2018 жылы Ақтау Петролдың республикаға қойған талаптары бойынша қорға тиесілі құны 38 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын Түркиядағы Шекербанк акцияларына тыйым салынды. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Қордың активтеріне тыйым салу қаупі жалпы біздің активтеріміздің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде", – деді Ахметжан Есімов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осыған байланысты қор басшысы арнайы меxанизмді тездетіп енгізуді ұсынды. Соның арқасында қордың активтерін қорғауға болады.

"Бұны мен тек Роман Васильевичке (ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі) ғана емес, басқа да жігіттер осы мәселенің біз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсылап түсінсін дегенім ғой. Осыған байланысты біз әділет және қаржы министрліктерінен Қазақстан Республикасына қарсы шығарылған xалықаралық процестер бойынша шешімдерді орындау меxанизмін әзірлеуді ұсынған едік. Ондай меxанизм болса, ол арқылы ұлттық қордың, квазимемлекеттік сектордың активтеріне тыйым салудан қорғануға болады", – деп атап көрсетті Ахметжан Есімов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу