"Самұрық-Қазына" бесжылдық жоспарын жариялады

781

"2025 жылға дейін мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады".

"Самұрық-Қазына" бесжылдық жоспарын жариялады

Атауы инвестициялық холдинг болып өзгерген "Самұрық-Қазына" қоры бесжылдық даму жоспарын бекіттті. Сол жоспардың негізгі деген тұстарын БАҚ өкілдеріне қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова баяндады.

"Жаһандық дағдарыс, мұнай бағасының түсуі және девальвация компаниялардың қаржылық жағдайына айтарлықтай әсер етті. Соған қарамастан, біз 2020 жылдың басындағы жоспарды асыра орындамақшымыз. 2021 жылдың жоспарын біз мұнай бағасы барреліне 40 доллар болады деген есеппен құрдық. 2022 жылы мұнай бағасы 50 долларға, 2025 жылға дейін 60 долларға жетуі керек. Қалыптасқан сыртқы фаткорларға қарамастан, 2021 жылы стратегиялық көрсеткіштерді жақсартуға ынталымыз. 2021 қордың таза активтерінің құны 653 млрд теңгеге ұлғайып, 14 трлн теңгеге жетеді",- деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу