"Самұрық-Қазына" дамыған елдерге инвестиция салмақшы

725

Ел ішінде12 басым бағыт таңдап алынды.

"Самұрық-Қазына" дамыған елдерге инвестиция салмақшы

"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдингі өз портфельдерін дамыған елдердің экономикасына инвестиция салу арқылы әртараптандырмақшы. 

"2021 жылдан бастап инвестициялау белсенді жүреді. Алғашқы кезеңде, экономиканы жылдам қалпына келтіру үшін қордың инвестициясы негізінен Қазақстанның өз ішіне бағытталады. Салаларға келсек, біз жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жоспарларға талдау жасап отырамыз. Соның ішінен өзіміз үшін басым бағытқа ие салаларды анықтаймыз. Ол салалардың табыстылығы мен жаһандық трендтерге сәйкестігін зерделейміз. Осыдан кейін қысқа тізім түземіз. Келер жылға деп 12 басым бағытты белгіледік. Оның негізгілері – денсаулық сақтау, қайта өңдеу өнеркәсібі, логистика, машина құрастыру, инфрақұрылымдық құрылыс, жасыл энергетика. Шетелдік инвестицияларға келсек, бізде екі бағыт бар. Олар –  тікелей және портфельді инвестициялар. Тікелей инвестициялар негізінен дамыған елдердің біздің портфелімізді әртараптандыра алатын салаларына салынады",- деді  қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу