"Самұрық-Қазына" "Екібастұз ЖЭС станциясы" акцияларының 100% иесі болады

1380

Жобаның Жол картасына сәйкес, мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. 

"Самұрық-Қазына" "Екібастұз ЖЭС станциясы" акцияларының 100% иесі болады

"Самұрық-Қазына" "Интер РАО" ААҚ-дан "Екібастұз ЖЭС-2 станциясы" АҚ-ның 50% үлесін сатып алады. Қор осындай шешім қабылдағанын хабарлады.

Осылайша, қор "Екібастұз ЖЭС" станциясы акцияларының 100% иесі болады. Жобаның Жол картасына сәйкес, мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. 

"Интер РАО" өзінің "Екібастұз ЖЭС-2 станциясындағы" акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр, дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде тараптардың басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭСС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және т.б. органдарға байланысты",– делінген хабарламада.

"Интер РАО" компаниясы ЕЖЭСС-2  құрамынан шығу туралы шешімі оның негізгі нарығы – Ресейде жұмыс істеуге шоғырлануға деген ниетімен байланысты болғанын хабарлады. "Екібастұз ЖЭС-2" үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, "Интер РАО" ААҚ-ның Қазақстанда активтері болмайды. Жақын арада Ресейде өндіруші қондырғыларды модернизациялау іске қосылады, оған "Интер РАО" белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу