"Самұрық-Қазына" елордадағы перинаталдық орталық құрылысын қаржыландыруы мүмкін

565

Үкімет қаулысы "Ашық НҚА" порталында жария етілді. 

"Самұрық-Қазына" елордадағы перинаталдық орталық құрылысын қаржыландыруы мүмкін Фото: Ақмешіт апталығы

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы перинаталдық орталықтың құрылысына қаржы құюы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісу бойынша) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен 2023 жылы Астана қаласы "Сарыарқа" ауданындағы (12-206 және 12-212 көшелерінің қиылысы – жобалық атаулар) перинаталдық орталықтың құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етсін", - делінген ашық талқылауға ұсынылған құжатта.

Еске салайық, осыған дейін Астанада жаңа перинаталдық орталықтар салынатынын жазған болатынбыз. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу