"Самұрық – Қазына" Есеп комитеті таратқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

1255

Әл-ауқат қоры жекешелендірудің кешенді жоспары аясында 167 компанияның 141-ін бәсекелестік ортаға шығарған немесе таратып жіберген.  

"Самұрық – Қазына" Есеп комитеті таратқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

«Самұрық – Қазына» ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігі туралы Есеп комитеті таратқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.    

2018 жылдан бері холдинг ішіндегі сатып алулар 25 есеге қысқарып, 630 млрд теңгеден астам қаражат бәсекелестік ортаға беріліпті.

Ал, сатып алудағы үнемдеу 155 миллиард теңгеден асқан. Бұдан бөлек, республикада алғаш рет импорт алмастыруды дамыту үшін контрактілердің оффтейк тетігі құрылып, 27 жоба мақұлданған. Инвестицияның жалпы көлемі 215 млрд теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу