"Самұрық-Қазына" І тоқсандағы табыс көлемін жариялады

1207

Қордың 2019 жылдың І тоқсанындағы таза табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 128 млрд теңгеге немесе 78%-ға артқан.

"Самұрық-Қазына" І тоқсандағы табыс көлемін жариялады

Шоғырландырылған қаржылық есепке сәйкес осы жылдың алғашқы тоқсанында акционердің таза пайдасы 291 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, сатудан түскен табыс 2 533 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың  осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары көрсеткіш. Биылғы жылдың үш айындағы операциялық пайдасы 276 млрд теңгені құрап, 47 млрд теңгеге немесе 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20,5 %-ға артты.

Таза табыстың өсуіне шикі мұнай мен газды экспортқа сату көлемі мен бағасының, телекоммуникация қызметтерінен және тазартылған алтыннан түсетін кірістің артуы, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тобының қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарынан түсетін кіріс әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу