"Самұрық-Қазына" импортты алмастыруға 33 млрд теңге бөлмек

1049

71 оффтейк-келісімшарт бекітілді.

"Самұрық-Қазына" импортты алмастыруға 33 млрд теңге бөлмек

Ұлттық әл ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов оффтейк-келісімшарт механизмі арқылы қолға алынған импортты алмастыру шараларына тоқталды. 

"Қазіргі таңда ипортты алмастыру бағдарламасы бойынша 43 жоба мақұлданып, 25,5 млрд теңгеге 71 оффтейк-келісімшарт бекітілді. Қосымша 7,7 млрд теңгеге 21 келісім бекіту жоспарланған. Қолдау тапқан кәсіпорындарға былтыр тек оффтейк-келісімшарт бойынша ғана 16,5 млрд теңге төленді. Осының арқасында тауарын өткізу үшін шетелге кіріптар болып жүрген көптеген кәсіпорын қаржысын Қазақстан экономикасына сала бастады. Жаңа технологиялар игеріліп, мамандықтар меңгеріліп жатыр. Жаңа жұмыс орындары мен салық көздері пайда болды", - деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу