"Самұрық-Қазына" қайырымдылық саясатын өзгертті

1126

Қор мерейтойлық іс-шараларды және қоғамдық бірлестіктердің коммуналдық мәселелерін шешуден бас тартты. 

"Самұрық-Қазына" қайырымдылық саясатын өзгертті

Бүгін М.Горкий атындағы Орталық мәдени және демалыс саябағында жаңа велотректің ашылуы өтті, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" қоғаммен байланыс және маркетингтік  коммуникациялар департаменті.

"Қор спорттың және спорт инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты вело жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру туралы шешім қабылдынды. Бұл жас азаматтардың және жас ұрпақтың сүйікті орны болатынына сенімдімін, мұнда болашақ чемпиондадың алғашқы қадамдары жасалады", – деді ашылу салтанатына қатысқан қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазынаның" қайырымдылық саясатын қайта қарау туралы баяндады. Атап айтқанда, қор мерейтойлық іс-шараларды және қоғамдық бірлестіктердің коммуналдық мәселелерін шешуден бас тартты. Жаңа қайырымдылық саясатының басты бағыты әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамыту, балаларды оңалту, білім беруді дамыту және медициналық көмекті кеңейту болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу