"Самұрық-Қазына" қазақстандық өндірушілерден 4,5 млрд теңгенің аяқ киімін сатып алды

713

Бұрын бұл ақша Қытай мен Ресейге кететін.

"Самұрық-Қазына" қазақстандық өндірушілерден 4,5 млрд теңгенің аяқ киімін сатып алды

"Саұрық-Қазына" әл-ауқат қоры жыл бойында жүргізілген сатып алулардан 129 млрд теңге үнемдеген. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, жалпы 2018 жылдан бері компания барлық сатып алулардан 400 млрд теңгеден астам қаражат үнемдедген екен. 

"Сатып алудағы жағымды өзгерістер бір көзден сатып алу келісімдерін барынша азайтып, бәсекелі сатып алудың үлесін арттырудың арқасында мүмкін болды. Өткен жылдардың тәжірибесі бәсекелі ортаға қатысу қаржы үнемдеуге жағдай туғызатынын көрсеткен болатын. Мұндай сатып алу бір көзден сатып алуға қарағанда 4-5 есе тиімді болуда. Сатып алулардың жаңа форматы бойынша шараларды орталықтандыруға көңіл бөлдік. Осы тәсілмен қолға алынған ілкі жобалар биыл өз тиімділігін көрсетті. Атап айтсақ, ұйымдастыру құрылымы оңтайландырылып, басқару деңгейі қысқартылды. Сатып алу функциясы мен шаруашылық жабдықтау шығындары 22 пайызға азайтылды", - деген қор өкілі импортты отандық өніммен алмастыру стратегиясы қалай жүзеге асқанына мысал келтірді.  

"Биыл да қор "санат бойынша" сатып алу тәжірибесінің аясын кеңейтті. Осы тәсіл аясында импорттық жеткізілімдерді толықтай жойдық. Жеткізілетін өнімдерге қойылатын бірыңғай талаптарды біріктіріп, қайта пысықтаудың арқасында айтарлықтай қаржы үнемделді. Мысалы, "Арнайы аяқ киім" стратегиялық санаты бойынша бір де бір импорттық тауар сатып алынған жоқ. Есесіне 16 отандық өндіруші тапсырыс орындап жатыр. Сатып алу көлемі 4,5 млрд теңге. Бұған дейін аталмыш қаражат Ресей мен Қытайға кететін. Жалпы сатып алу бағасының кеңістігі 10 есе қысқарып, 1 млрд теңгедей кіріс түсті. Стратегияда отандық аяқкиім өндірушілердің мейлінше отандық шикізатты пайдалануы көзделді", - деді Әлішер Пірметов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу