"Самұрық-Қазына" "Қазақтелеком" акцияларын сатуды жоспарлап отыр

684

Келісімшарт Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалмақ.

"Самұрық-Қазына" "Қазақтелеком" акцияларын сатуды жоспарлап отыр

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 2020 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) "Қазақтелеком" акцияларының 10%-ын сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады мемлекеттік қордың баспасөз қызметі. 

"Биылғы жылы қор "Қазақтелеком" АҚ акциаларының  10% -ын сатуды көздеп отыр. Бұл стратериялық салада мемлекеттің болуын және салымшылардың қаржысын кепілдендіруге мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада. 

Бұл ретте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Алмасадам Сатқалиев Ұлттық банкпен келісімшарт форматы бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Баға индикаторы ретінде акциялардың нарықтық котировкалары алынады. Орта баға белгіленуі мүмкін. Бұл келіссөздер барысында шешіледі. Басқа стейкхолдерлер мен акционерлердің қызығушылықтарына нұқсан келмейді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу