"Самұрық-Қазына" компаниялар тобында 749 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Кейбір кәсіпорындарда шетелдік мамандар шетелдік акционерлердің талабы бойынша жұмыс істейді. Мысалы, "Қаражанбасмұнай" АҚ-да ҚХР азаматтары жұмыс істейді, өйткені компанияның 50% қытайлық CITIC компаниясына тиесілі", - деді ол.
Спикердің айтуынша, компаниялар тобындағы барлық бос орын туралы ақпарат SamrukQyzmet бірыңғай ашық рекрутингтік порталында жарияланады. Бұл жүйеде үміткерлерді алғашқы іріктеу автоматтандырылған.
"Портал іске қосылған сәттен бастап онда 20 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты", - деді қор өкілі.