"Самұрық-Қазына" қоры ақтаулықтарды IPO бағдарламасына қатысуға шақырды

935

"Самұрық-Қазына" қоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазпошта" АҚ өкілдері Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесіп, IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен талқылады. 

"Самұрық-Қазына" қоры ақтаулықтарды IPO бағдарламасына қатысуға шақырды

Іс-шараға қазақстандық брокерлік-диллерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері қатысты. Сарапшылар жұртшылықты "Самұрық-Қазына" жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-сының іске асырылу барысымен және бірінші IPO-кандидат – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

"Самұрық-Қазына" АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтеповтың айтуынша, қор Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу идеясын толық қолдайды. Сондықтан да "Самұрық-Қазынаны" жекешелендіру жоспарын іске асыру аясында ҚР азаматтарын қордың портфельдік компанияларының IPO-сына қатысу мүмкіндіктері туралы кең ауқымды ақпараттандыруда.

"Самұрық-Қазына" қоры трансформациялану алдындағы шешуші сәтте тұр. Біз мемлекеттің аса маңызды стратегиялық активтерін басқаратын холдингтен басымды және ғылымды қажетсінетін жобаларға капитал салатын инвестициялық қорға айналуға ниеттіміз. IPO және активтерді бәсекелес ортаға шығару, қордың жекешелендіру бағдарламасының аясындағы стратегиялық міндеті болуға тиіс. Бұл ретте қор мемлекет үшін негізгі салаларда жұмыс істейтін компанияларда мажоритарлық акционер ретінде қатысуын сақтап қалады", – деді Мират Өтепов.

Қазір әрбір азамат ҚМГ акцияларын сатып алуға және Қазақстанның ірі мұнай-газ компаниясының тең иесі болуға мүмкіндігі бар. Акцияларды иелену компанияның дамуына, сонымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды мұнай-газ саласына ықпал етуге мүмкіндік береді.

"Акциялар бойынша кірістерді акциялардың иесі ретінде дивиденд түрінде де, акция құнының өсуі түрінде де алуға болады. Алайда компанияның жұмыс нәтижелеріне байланысты дивидендтер жыл сайын төленбеуі және қолайсыз факторлардың әсерінен акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Акцияларға салым салу ұзақ мерзімді перспективада кіріс алуды жоспарлай отырып, түрлі тәуекелдерді ескеріп жасалуы керек", – дейді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев.

Еске салайық, 2022 жылдың 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу