"Самұрық-Қазына" қоры "Хабар" агенттігін қаржыландырады

691

Қаулы жобасына сәйкес, мемлекет басшысы бұған сәуір айында келісім берген.  

"Самұрық-Қазына" қоры "Хабар" агенттігін қаржыландырады Фото: sk.kz

Ашық НҚА порталында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

 Оған сәйкес, енді "Хабар" агенттігін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын болады.

Қаулы жобасының түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл бастама жүзеге асса, бұл "Хабар" агенттігінің рейтингін көтеруге, мемлекеттік ақпараттың саясатты іске асыру сапасын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, агенттіктің коммерциялық кірісі де артады деп болжам жасалған.

"2022 жылғы 13 сәуірдегі № 22-2314 бұрыштамаға сәйкес ҚР президенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамын қаржыландыруына келісімін береді", – делінген қаулы жобасының түсіндірме жазбасында.

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында 2023 жылғы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу