"Самұрық-Қазына" қоры сатып алуларын бақылайтын тәртіпке түзетулер енгізілді

668

2022 жылдан бастап "Самұрық-Қазына" қорының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерінің сатып алуларын реттейтін "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заң күшіне енді. 

"Самұрық-Қазына" қоры сатып алуларын  бақылайтын тәртіпке түзетулер енгізілді Фото: ortcom.kz

Қордың Директорлар кеңесі Сатып алудың жаңа тәртібін бекітті. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл енгізілген түзетулер жайлы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Басқа ішкі құжаттарға сілтемелерсіз тікелей әрекет ету тәртібі қабылданды. Сатып алудың бәсекеге жарамсыз түрлерін жою мен отандық бизнесті қолдауға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Бір жерден сатып алу тәсілін заңсыз қолданғаны үшін дербес жауапкершілік енгізілді. Қордың сатып алу порталында барлық ақпаратты орналастыру, сондай-ақ шағымдар тізімін қалыптастыру қарастырылған. Қордың сатып алу тәсілдері мейлінше мемлекеттік сатып алуларға жақындатылып, біріздендірілді", - деді спикер.

Сонымен қатар қордың сатып алу тәртібін Қаржы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен міндетті түрде келісу заңмен бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу