Қордың хабарлауынша, инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы ұйымдары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өзгеріссіз қалады. Олар қолданыстағы келісімшарттар талаптарына сай орындалады.
Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары да бекітілген жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" өзінің қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық міндеттерін орындауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Қор барлық серіктесімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін және қабылдаған міндеттемелерінің толық көлемде сақталатынын растады.