Президент: "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыру қажет

1184

Оның пікірінше, жекешелендіру ашық жүргізілуге тиіс.

Президент: "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыру қажет

Президент Үкіметтен және жекешелендіру жөніндегі комиссиядан нақты іс-әрекеттер күтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда өткен Мәжілістің пленарлық отырысында "Самұрық-Қазына" қорының қызметін толығымен трансформациялау қажет екенін айтқан болатын.

Қордың портфельді компаниялары – ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары.

Сондықтан қазір экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты.

Мемлекет басшысының пікірінше, Үкімет, ең алдымен, тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек", – деп жазды Берік Уәли.

Сонымен қатар ол Президент мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін "Самұрық-Қазына" мен Үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту туралы тапсырма бергенін атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен экономиканың негізгі салаларында шынайы бәсекеге негізделген орта қалыптастыруды және қор мен ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерінің ашықтығын қамтамасыз етуді талап етті.

Президенттің пікірінше, мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет. 

Осыған байланысты жекешелендіру кезінде ашықтықты сақтау маңызды. Онсыз экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мүмкін емес. Президент Үкіметтен және Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комиссиядан нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттер күтеді", – деді Берік Уәли әлеуметтік желіде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу