"Самұрық-Қазына" қорының жалпы қарызы 21,5%-ға төмендеді

823

Көрсеткіш 29,7 млрд доллардан 23,3 млрд долларға дейін азайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Самұрық-Қазына" қорының жалпы қарызы 21,5%-ға төмендеді

"Қор компаниялар тобына борыштық жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2017 жылдан бері қордың жалпы қарызы 21,5%-ға, яғни 29,7 млрд доллардан 23,3 млрд долларға дейін төмендеді. 2021 жылдың соңындағы қаржылық тұрақтылық көрсеткіші Қарыз/EBITDA да 2,3 деңгейінде оң нәтиже көрсетті", – деді Нәзира Нұрбаева. 

Оның айтуынша, 2021 жылы Standard&Poors рейтинг агенттігі "Самұрық-Қазына" қорының ұзақ  және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ дәрежесіне көтерген. 

"Moody's шетелдік валютадағы ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін "Baa2" деңгейінде растады", – деп түйіндеді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу