"Самұрық-қазына" қуылған топ-менеджерлерге төлейтін өтемақы мөлшерін айтпай отыр

1147

"Самұрық Қазына" қуылған топ-менеджерлерге берілетін өтемақы мөлшері туралы жақ ашар емес, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Самұрық-қазына" қуылған топ-менеджерлерге төлейтін өтемақы мөлшерін айтпай отыр

Тек "кеткен директорларға еңбек заңнамасына сәйкес төленеді" деп қысқа қайырып отыр.

Бірақ қор осы жолы да "белді қызметкерлерін" ренжітпей, қалталарын қампайтып беретін түрлері бар. Бұлай деуімізге негіз жоқ емес.

Мәселен, 2020 жылы холдинг тәуелсіз директорларға жалпы 309 млн теңге шығындады. Басқару құрамындағы бес адамға 266 млн теңге жұмсағанын есепке алсақ, онда әрқайсына 53 млн теңге өтемақы берді. Яғни олар ай сайын 4 жарым млн теңге жалақы алып отырды деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу