"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры басшылығының ешқандай тергеу шараларына қатысы жоқ

1193

Қор өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры басшылығының ешқандай тергеу шараларына қатысы жоқ

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ лауазымды тұлғаларының ешқандай тергеу әрекеттеріне қатысы жоқ. Бұл туралы қордың қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Дамир Аспан мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына", "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан темір жолы" ҰК басшыларына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпарат таратты. Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтемін және және барлық мән-жайларды объективті және жан-жақты зерттеуге мүдделі. Бұл туралы түсініктеме беру тергеу органдарының құзыретінде. Өз атымнан қордың қазіргі лауазымды тұлғаларының ешқандай тергеу шараларына қатысы жоқтығын айтқым келеді”, – деді спикер. 

"Өкінішке орай, жосықсыз қызметкерлер барлық органдар мен ұйымдарда болуы мүмкін екенін мойындау керек. Бұл жағдайда өткен жылдардағы ықтимал оқиғалар туралы айтуға болады", – деп қосты ол.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Самұрық Энерго" және "Қазақстан темір жолы" ҰК басшылары пайда табу мақсатында қызметтерін асыра пайдалану фактісі бойынша тексеріп жатқанын хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, мемлекетке 3,8 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу