"Самұрық-Қазына" мен "ЛУКОЙЛ" басшылары мұнай-газ саласында әріптестікті талқылады

1113

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Қордың ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Самұрық-Қазына" мен "ЛУКОЙЛ" басшылары мұнай-газ саласында әріптестікті талқылады

Мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын жақсарту, оның ішінде Каспий қайраңында теңіз жобаларын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Жария акционерлік қоғам "ҚазМұнайГаз" ҰҚ-мен бірлесіп, "Жеңіс" қайраң кен орнында геологиялық зерттеу және іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Теңіз кен орындарынан Қазақстанның ішкі нарығына мұнай жеткізу туралы мәселе пысықталуда. Сонымен қатар үкіметаралық келісімдер аясында жүзеге асырылатын Хвалынское және Центральное жобаларында ТЭН әзірлеу жалғасуда.

Алмасадам Сәтқалиев компаниялар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін айта келіп, перспективалы мұнай-газ-химия жобаларын іске асыруға қатысуды жандандыруды ұсынды. Қазіргі кезде "Теңіз" және "Қарашығанақ" ірі мұнай-газ кен орындары, Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнай тасымалдау бірлесіп дамуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу