"Самұрық-Қазына" мен Nasdaq Dubai меморандумға қол қойды

698

Тараптар ислам капиталы нарығының құралдарын дамытуға, сондай-ақ екі елдің қаржы нарығын жақсартуға келісті.

"Самұрық-Қазына" мен Nasdaq Dubai меморандумға қол қойды

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және Nasdaq Dubai халықаралық қор биржасы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Құжаттың мақсаты – халықаралық қауымдастықтың Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру.

Nasdaq Dubai компаниясының атқарушы директоры Хамед Али Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан компаниялары Біріккен Араб Әмірліктері мен өзге елдердің инвесторлары үшін тартымды бағыттардың өсуіне ықпал ететінін атап өтті.

"Біздің елдеріміз арасындағы тығыз байланыстардың негізінде Nasdaq Dubai өздерінің жаңашылдығын және инфрақұрылымын қазақстандық кәсіпорындарда жеке және мемлекеттік инвесторларды инвестициялауға көмектесуге дайын",– деп атап өтті компанияның атқарушы директоры  Хамед Али.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу