"Самұрық-Қазына" мен Түркістан облысының әкімдігі меморандум түзді

1653

Меморандумға 9 бағыт кіреді.

"Самұрық-Қазына" мен Түркістан облысының әкімдігі меморандум түзді

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның" қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі.

Меморандумға Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді.

Осылайша, ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Қуаты 220кВ жаңа қосалқы станция салынады. Оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу