"Самұрық-Қазына" өкілі Şekerbank бұғаттаған акциялардың қалай босатылғанын айтты

726

38 млн доллар ұлттық әл-ауқат қорына қайтарылған.

"Самұрық-Қазына" өкілі Şekerbank бұғаттаған акциялардың қалай босатылғанын айтты Фото: Максим Морозов

Шетелдегі сот процестері "Самұрық-Қазынаның" 58 млн долларлық активін қайтаруға септігін тигізген. Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко осындай мәлімет айтты.

"Біз түркиялық бизнесмен тарапынан Қазақстан Республикасына қарсы қозғалған арбитраждық процестің тұтқыны болып қалдық. Ол Қазақстан Республикасына қарсы талап айтқан болатын. Қазақстан Үкіметінен тиісті төлемін алу үшін "Самұрық Қазынаның" Şekerbank-тегі активін бұғаттай алам деп шешсе керек. Біздің білуімізше, Қазақстан ол кәсіпкердің алдындағы өз міндеттемесін орындады. Осыдан кейінгі келісісөздер мен сәтті сот процестерінің нәтижесінде бизнесмен қордың активін бұғаттан босатты", – деді ол онлайн брифингте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу