Еліміздің оңтүстігінде төрт жел электр станциясы салынады. Оған "Самұрық Қазына" мұрындық болмақшы. Бұл жайында басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Астана халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазір елімізде жаңартылған энергетиканың жалпы қуаты, яғни күн, жел, суды қосқанда 2,4 Гвт болады. Алдағы уақытта деңгейі тағы арта түспек. Себебі Қазақстанда бірден төрт жел электр станциясы тұрғызылады. Нысанды Самұрық Қазына еліміздің оңтүстігінде салуды жоспарлап отыр.
"Masdar компаниясымен Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу туралы келісімге келдік. Дәл осындай жоба Жамбыл облысында 1 ГВт жел электр станцияларының құрылысы бойынша China Power International Holding компанияларымен бірлесіп қабылданды. Сонымен қатар, біз Power China басшылығымен Алматы облысында жел электр станциясының ауқымын кеңейтетін болып келістік", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Бұдан бөлек "Самрұқ-Қазына" компаниялар тобы алдағы онжылдықта парниктік шығарындыларды 10 пайызға қысқартуды да жоспарлап отыр.
"Елдегі көмірқышқыл газы эмиссиясының шамамен 15 пайызы біздің компаниялар тобына келеді. Біз бұл жауапкершілікті толық сезінеміз. 2032 жылға қарай парниктік шығарындыларды 10 пайызға азайтуды көздеп отырмыз", - деді "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Айта кетейік, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына көшеді. Сол кезеңде жаңартылатын және баламалы энергия көздері 80 пайыздан асады деген болжам бар.