"Самұрық-Қазына" трансформациядан 86 млрд теңге тапты

679

Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрады. 

"Самұрық-Қазына" трансформациядан 86 млрд теңге тапты

"Самұрық-Қазына" трансформация бағдарламасын жүзеге асырудан түскен пайда көлемі 86 млрд теңгеге жетеді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Digital Samruk-2019 конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлады ұлттық қордан.

"Трансформация бағдарламасы аясында нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен соңғы екі жылда пайда көлемі 86 млрд теңгені құрайды. Бұл тек тікелей пайда, тағы жанама түрі бар. Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрады. Шоғырландырылған бюджетке төлемдер 14%-ға өсіп, 813 млрд теңгені құрады. Бір жыл ішінде Үкіметке дивидендтер көлемі 2 есеге, ақшалай түрде 5 есеге артты" ,– деді Ахметжан Есімов.

Ауқымды IT аудит қорытындылары  бойынша тиімділік тұрғысынан күмәнді жобаларды іске асыруға арналған шығындар оңтайландырылды. IT тиімділігін арттырудан жалпы пайда 60 млрд теңгені құраған.

"Холдингішілік сатып алу көлемі 4 есе – 2 трлн теңгеден 515 млрд теңгеге дейін азайды. Бір көзден сатып алу 900 млрд теңгеге немесе 1,5 есеге қысқарды. Категориялық сатып алуды дамыту жұмыстары шамамен 24 млрд теңге пайда алуға мүмкіндік берді. Бәсекелі ортаға 618 млрд теңге берілді. Осылайша, сатып алу тетігін жетілдіру шамамен 140 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу