"Самұрық-Қазына" трансформацияға қатысатын компаниялардың санын арттырды

632

Тағы 8 портфельдік компания трансформация бағдарламасына енгізілді.

"Самұрық-Қазына" трансформацияға қатысатын компаниялардың санын арттырды Фото: Максим Морозов

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының  цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев жаңа траснформациялық тұжырымдаманың қалай жүзеге асып жатқанын баяндады. Оның айтуынша, акциялары "Самұрық-Қазына" қорына қарасты портфельдік компанияларды трансформациялау әрі қарай жалғаспақ. Сол үшін бағдарламаға енген компаниялардың саны көбейтілген көрінеді.

"Кеше қордың модернизациялау жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Онда трансформация бағдарламасының ауқымын кеңейттік. Бұған дейін трансформацияға қордың 6 портфельдік компаниясы кірсе, кешегі кеңестің қорытындысы бойынша тағы 8 компания қосылатын болды", – деді Дәурен Керейбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу