"Самұрық-Қазына": ТЖ кезінде отандық құрам талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынбайды

889

Ұлттық әл-ауқат қоры еншілес компанияларын жұмыс орындарын сақтауға міндеттеп жатыр.

"Самұрық-Қазына": ТЖ кезінде отандық құрам талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынбайды

Биыл "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қанатының астындағы 133 компания 1000 жұмыс орнын ашуы керек. Қордың өзге компаниялары қазір бар жұмыс орындарын сақтауға міндет алып отыр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, төтенше жағдай кезінде келісімшарт міндеттемелерін сақтамаған компанияларға айыппұл салу және жауапсыз мердігерлер санатына жатқызу шараларынан бас тарттық. Жобалық-сметалық құжаттама дайындау кезінде  сатып алу стандартына қазақстандық тауарлар мен қондырғыларды пайдалануды міндетті етіп енгізген болатынбыз. Оған қоса осы норманы бұзғаны үшін жоба құнының 5 пайызы көлемінде айыппұл белгіленген. Тендерлік процедураларға қатысушы өндіріс компанияларымен қолдағы жұмыс орындарын сақтап, жаңа орындар ашу бойынша меморандум бекіту туралы тапсырма берілді. Бүгінге дейін біздің компаниялар 800 осындай келісімге қол қойды. 133 компания келісімшарт міндеттемелерін орындау аясында  жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Биылдың өзінде осы 133 жоба аясында 1000 жаңа жұмыс орны құрылады", – деді акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу