"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды

731

Бұған дейін Директорлар кеңесін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин басқарған еді.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды

Бүгін жалпы дауыс беру арқылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Директорлар кеңесін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин басқарған еді.

2018 жылы мамырда қабылданған "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР премьер-министрі қордың директорлар кеңесінің құрамынан кетті.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, қордың директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Биылғы жылдың 1 қаңтардан бастап қордың директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады. Олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанипяларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу