"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жанынан қоғамдық кеңес ашылады

730

Бүгінде квазимемлекеттік сектордың 12 субъектісінде қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жанынан қоғамдық кеңес ашылады

"Занамаға биыл енгізілген жаңалшылдық бойынша квазимемлекеттік сектордың 12 субьектісінде қоғамдық кеңестер құрылды. Атап айтсақ, Ұлттық компаниялардың ішінде "Kazakh Invest", "Қазақстан ғарыш сапары", "KazakhExport", "QazExpoCongress", "Қазгеология", "Азық-түлік корпорациясы", "Kazakh Tourism", "ҚазАвтоЖол" және "Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы" компаниялары бар. Сонымен қатар "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Зерде" және "Kazakhstan Engineering" ұлттық компаниялары қоғамдық кеңестерін құрды", – деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, жыл аяғына дейін тағы бірнеше квазимемлекеттік кәсіпорын жанынан осындай кеңес құрылады. Солардың бірі – "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу