"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгертулер енгізілмек. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
Осыған дейінгі қаулыда Ұлттық қор қаржысын салуға болатын қаржы құралдарының тізбесінде шетелдік қаржы құралдары жазылса, тиісті өзгертулерден кейін бұл қатарға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ борыштық бағалы қағаздары қосылмақ.
Құжатта негіздемесі ретінде "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қайтарымды негізде Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкіндігін беру" деп көрсетілген.
Қаулы жобасын жария талқылау 12 желтоқсанға дейін жалғасады.