"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді

807

Қалған соманы "Самұрық-Қазына" биылғы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 50 млрд теңге жіберді Фото: Максим Морозов

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның SPO-дан  түскен 50 миллиард теңгені Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберді, деп хабарлады "Самұрық-Қазынаның" қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 2 маусымында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқару кеңесінің отырысында Ұлттық холдингтің 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жіберетіндігі туралы мәлім болған еді. Бастама Кеңес төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қолдау тапты.

"Қор басшылығының уақытылы қабылдаған шешімдерін оң бағалаймын және қолдаймын. Олар өздерінің тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдауға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлді. Алайда, бұл жағдайда "Самұрық-Қазына", керісінше, Ұлттық қорға 100 миллиард теңге жібереді", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

"Самұрық-Қазына" қорының басшылығы елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып, қаражаттың бірінші бөлігін Ұлттық қорға мерзімінен бұрын жіберуді ұйғарды. Қалған соманы "Самұрық-Қазына" биылғы жылдың соңына дейін жіберуді жоспарлап отыр",– деп жазылған таралған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу