"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға қанша қаржы аударады?

785

2019 жылы қор 206 млрд теңге таза табыс тапқан.

"Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға қанша қаржы аударады?

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы Ұлттық қорға төлейтін двиденттерін екі бөліп өтемекші. Ұлттық әл-ауқат қорының экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ осылай деп мәлімдеді.

"Компаниялар тобы Ұлттық қорға ақша аудару жөніндегі міндеттемелерін де орындап отыр. Бұған дейін 50 млрд теңге бағытталса, жыл аяғына дейін қалған 50 млрд теңгені бөлеміз. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша қор 206 млрд теңге күйінде таза табыс тапқан. Президент тапсырмасын ескере отырып, ел бюджетіне тікелей дивидент төлеуші ретінде "Самұрық-Қазына" барлық таза табысын қазынаға  аударады",  –деді ол компанияның жарты жылдағы қаржылық қорытындысын жариялай отырып. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу