"Самұрық-Қазына" валютадағы қарызын теңге мен рубльге ауыстырмақшы

938

"ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы, "Қазақтелеком" және  Air Astana компанияларының қарыз саясаты қайта қаралады.

"Самұрық-Қазына" валютадағы қарызын теңге мен рубльге ауыстырмақшы

"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдингінің алдында өзіне тиесілі компаниялардың қарыз өтеу қабілетін бір жылдың ішінде 60 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова

"ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы, "Қазателеком" және  Air Astana компанияларында қарыздарды мерзімінен бұрын жабу, борыштың валюталық тәуекелдерін төмендету жоспарланған. Сондай-ақ, валюталық қарыздарды теңге мен рубльге айналдырып, қайта қаржыландыру көзделген. Осы аталған жоспарлы әрі жүйелі жұмыстардың арқасында 2021 жылы компаниялардың борыштарды өтеу қабілеті 60 пайызға артады.Осылайша қарыз деңгейі 37 пайызға азаяды.  Таза кіріс 2021 жылы 529 млрд теңгеге жетіп, биылғы көрсеткіштен  22 пайыз жоғары болады. Алдағы 4 жылда таза кіріс 6,2 трлн теңге болмақ. Ал іске салынған капиталдың тиімділігі 4,7 пайыз көлемінде болады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу