"Самұрық-Қазына": Жекешелендіру жоспары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

685

Пандемия ұлттық әл-ауқат қорының жекешелендіру жоспарына кедергі келтіруде. 

"Самұрық-Қазына": Жекешелендіру жоспары тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін 6 компанияның жекешелендіру ісі биыл іске аспауы мүмкін. Әл-ауқат қорының активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев осындай мәлімет айтты.

"Самұрық-Қазына" компанияларын жекешелендірудің биылға арналған кешенді бағдарламасында 6 нысан бар. Оның үшеуі "Қазмұнайгаз" компаниясына, үшеуі "ҚазАтомӨнеркәсіп" компаниясына тиесілі. "ҚазАтомӨнеркәсіпке" тиесілі компаниялардың бірі кремнийді қайта өңдесе, енді бірі күн панельдерін шығарумен айналысады. Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорындарды бәсекелі ортаға шығару кезінде бір жағынан коронавирус салдарынан да әлеуетті сатып алушылар не қызығушылық танытпай жатыр, не аталмыш нысандарды жекешелендіру бойынша бұған дейін мойнына алған міндеттемелерін орындауға мүмкіндік таппай отыр. Яғни, біз бұл нысандардың биыл сатылмай қалу тәуекелі бар екенін көріп отырмыз. Оның ішінде коронавирус салдарынан орындалуы қиындап жатқан халықаралық даулар да бар. Біз осы компаниялармен Үкіметке жекешелендіруді кейінге қалдыру туралы ұсыныспен шығудың қажеті бар-жоғын анықтау үшін кеңес өткіземіз. Ондай тәуекелдер бар", – деді "Самұрық-Қазына" өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу