"Самұрық Қазынадан" "Қазақстан халқына" қорына қаражат бөлу ережесі белгілі болды

597

Ұлттық экономика министрлігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ таза табысынан "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қаражат бөлу қағидаларын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz.  

"Самұрық Қазынадан" "Қазақстан халқына" қорына қаражат бөлу ережесі белгілі болды Фото: el.kz

Құжатта "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жыл сайын "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аудиттелген қаржылық есептілік негізінде Қор компаниялары тобының таза пайдасының кемінде 7%-ы мөлшерінде қаражат бөлетіні көрсетілген.

"Қордың Қоғамдық қорға бөлінген қаражатты беруі Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту және оның таза табысын бөлу туралы мәселелерді жыл сайын қарау шеңберінде немесе Қордың өткен кезеңдердегі таза пайдасын бөлу шеңберінде қабылданатын Қордың Жалғыз акционерінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады. Қордың Қоғамдық қорға беретін қаражатының мөлшері қажеттіліктің негіздемесін қамтуы тиіс Қоғамдық қордың жазбаша сұрау салуы негізге алына отырып айқындалады", - делінген құжатта.

Талап етілмеген қаражат Қоғамдық қор талап еткенге дейін Қордың иелігінде сақталады. 

Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды. Оны жария талқылау 30 қаңтарға дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу