"Біз 10 күннен кейін реформаларды жүзеге асыру жоспарын егжей-тегжейлі талқылауға қайта ораламыз. Бұл өте маңызды", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент бұл мәселені 11 қаңтарда мәжілісте де айтқанын еске салды.
"Сатып алудың ашықтығы жайлы үш жылдан бері айтып келемін, бірақ айтарлықтай нәтижеге қол жетпеді", – деді Президент.
Сонымен қатар президент монополияға қарсы күрес жүргізуді тапсырды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        