"Самұрық-Қазынаның" борышы 1 триллион теңгеге қысқарды

720

Ал сыртқы борыш 4 млрд долларға азайған.

"Самұрық-Қазынаның" борышы 1 триллион теңгеге қысқарды

"Самұрық-Қазына" қоры тобының борышы бір жылда 1 трлн теңгеге қысқарды. Бұл туралы компаниялар тобының 10-шы директорлар форумында айтылды.

Ал сыртқы борыш 4 млрд долларға азайған.

"Мерзімі өткен дебиторлық берешек сомасы 80 %-ға азайып, 334 млн долларды құраған сома қазір 66 млрд долларға дейін азайды", – деп атап өтті Ахметжан Есімов. 

Форум барысында қордың жаңа стратегиясының шеңберінде компаниялардың табыстылығын арттыру, портфель құрылымын оңтайландыру, кірістерді диверсификациялау, корпоративтік басқару және тұрақты даму секілді төрт маңызды даму бастамалары туралы айтылды.

Айта кетсек, 2018 жылы акционердің бір акцияға шаққандағы таза пайдасы 1 141 млрд теңгені құрапты, бұл 2017 жылға қарағанда 534 млрд теңгеге артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу