2016 жылдың соңына қарай "Самұрық-Қазына" қорының 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған. Бұл квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының 70 пайызы шамасында, дейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.
"Қордың қарызы 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн 352 млрд теңгеге азайған. Яғни, біз көтеріп жүрген мәселе бойынша қор жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай қордың 9 трлн 938 млрд теңге қарызы болған, бұл 29,8 млрд доллар деген сөз. Яғни, квазимемлекеттік сектордың барлық қарызының шамамен 70 пайызы қорға тиесілі", — деп мәлімдеді Сабильянов "Самұрық-Қазына" АҚ-да мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы" талқыланған отырыста.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу