"Самұрық-Қазынаның" табысы былтыр 33 пайызға ұлғайыпты

701

Сондықтан қордағы қаражат президент пәрменімен жүзеге асып жатқан  бағдарламаларды жетілдіруге жеткілікті екен.

"Самұрық-Қазынаның" табысы былтыр 33 пайызға ұлғайыпты

"Самұрық-Қазына" қоры мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік бағдарламаларды орындауға көмектеседі. Бұл туралы Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ахметжан Есімовтің айтуынша былтыр "Самұрық-Қазынаның" табысы 33 процентке ұлғайып, ел қазынасына 1 трлн теңге көлемінде пайда әкелді. Сондықтан қордағы қаражат президент пәрменімен жүзеге асып жатқан  бағдарламаларды жетілдіруге жеткілікті екен.

Биыл қор денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жұмысты ширату үшін қомақты қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, "Жас өркен" және "Цифрлық жаз" бағдарламаларының жүзеге асуына көмектеседі.

"Өткен жылы қордың табысын 33 процентке ұлғайтуға мүмкіндік алдық. Мемлекеттік бюджет түсімін 200 млрд  теңгеге арттырдық. Мемлекеттік бағдарламаларды орындаудан бөлек президент жуырда жүзеге асыруды тапсырған әеуметтік жобаларды іске асыруға да жетеді. Сондықтан биыл біз әлеуметтік бағдарламалардың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз", – дейді Ахметжан Есімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу