Самұрық-Қазынаның таза кірісі 17 пайыз өсті

1065

Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында сатудан түскен түсімдер мен таза кіріс 1 951 млрд және 343 млрд теңгеге жетті. 

Самұрық-Қазынаның таза кірісі 17 пайыз өсті

"Самұрық-Қазына" қорының таза кірісі 2019 жылдың бірінші тоқсанында 343 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ұлттық компаниядан.

"Самұрық-Қазына" қорының 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1% -ға өсіп, 343 млрд теңгені құрады. Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында сатудан түскен түсімдер мен таза кіріс 1 951 млрд және 343 млрд теңгеге жетті. 

Алғашқы үш айда жоспардың орындалуы сәйкесінше 95%-ды және 188%-ды құрады.

Операциялық пайда (NOPLAT) биылғы жылдың үш айында 240 млрд теңге болса, бұл 28 млрд теңгеге немесе жоспарланған межеден 13 %-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу