"Самұрық-Қазына" портфельдік компанияларының тарифтері өсті

648

Қор Үкіметпен және ПӘ портфельдік компаниялардың бірқатар қызметтері мен тауарларына әділ тарифтер енгізу мәселесін пысықтауда. 

"Самұрық-Қазына" портфельдік компанияларының тарифтері өсті Фото: Самұрық-Қазына

Қордың басты мақсаты - мақсатты инфляциялық дәліз шегінде тарифтердің 10-12% өсімін сақтау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" басшысы Қор жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жеңілдікті тарифтер мен бағаларды ұсына отырып, Қазақстан экономикасын субсидиялайтынын атап өтті.

Алайда, бұл тәжірибе ұзақ уақытқа қаржы жетіспеушілігіне және тозған инфрақұрылымды қайта құрудың мүмкіндігін жояды. Қордың басты мақсаты - мақсатты инфляциялық дәліз шегінде тарифтердің 10-12% өсімін сақтау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта тарифтердің өзгеруі мынадай компаниялар үшін келісілді:

"ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ (жанар-жағармай материалдарына бөлшек бағаның өсуі);

QazaqGaz (газға көтерме және бөлшек бағаның өсуі, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кеншілер үшін жаңа бағаны бекіту);

"Самұрық-Энерго" АҚ (электр энергиясын өндіруге арналған тарифтер);

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ (магистральдық теміржол желісі қызметтерінің тарифтері).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу