Бейсенбі күні тексеру жұмысын жүргізу үшін жабылған Сан-Петербордағы "Приморская" станциясында жолаушының сөмкесінен Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған тротил іздері бар (сарғылт түсті қатты жарылғыш зат) граната табылды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Сөмкені тексеру барысында гранатаға ұқсас зат табылды. Содан Ресейдің Бас ІІМ қызметкерлері шақырылды. Қызметкерлер күмәнді затты тексеру барысында оның Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған граната екенін анықтады. Гранатада тротил іздері болған", – дейді Ресей гвардиясының Сан-Петербор мен Ленинград облысы бойынша баспасөз қызметінің өкілі.
Басылымның мәлімдеуінше, құқық қорғау органдарындағылар граната алып бара жатқан ер адамның ұсталған. Қазір оның заңсыз түрде қару ұстап жүруіне қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.