Сан-Петерборда қаза тапқан Қазақстан азаматының туыстарына Ресей өтемақы төлейді

829

Сан-Петерборда қаза тапқан Қазақстан азаматының туыстарына Ресей өтемақы төлейді

Сан-Петербор метросындағы теракт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Арышевтың туыстарына Ресей билігі ақшалай өтемақы төлейді. Мұндай ақпаратты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі таратты, деп хабарлайды baq.kz.

Қазіргі таңда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Қазақстанның Сан-Петербордағы бас консулдығының күш салуымен тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр.

Сан-Петербор басшылығы төлейтін өтемақы – 1 млн рубл.

Кеше Максим Арышевтың жақын достары мен таныстары Сенная алаңында марқұмды еске алды.

Қаза болған жігіттің мәйіті жұма күні таңертең Алматыға жеткізіледі. Air Astana әуе компаниясы тасымалдау шығыны мен туыстарының билет құнын төлеуді өз мойнына алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу