Сан-Петербордағы лаңкестік актіге қатысы бар деген күдікпен Орталық Азия республикаларынан келген 6 азамат ұсталды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
2017 жылдың 5 сәуірінде Ресейдің өңірлік ФҚК мен ІІМ қызметкерлері, гвардияның арнайы жасағы жүргізген жедел-тексеру шаралары барысында осы елде жұмыс істеп жатқан Орталық Азия республикаларынан келген 6 азамат ұсталды деп жазылған мәлімдемеде. Дәл қазір күдіктілер тұратын үйлерде тінту жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу