Сан-Петербордағы теракт кезінде небәрі 20 жастағы отандасымыз Максим Арышев қаза тапты. Көптің үрейін алған қаралы жағдай бүгін үкімет отырысында сөз болып, сақтық шаралары талқыланды, деп хабарлайды 24.kz.
Күллі Ресей жұртының қабырғасын қайыстырған теракт қазақ елінің де өзегін өртеді. Лаң салған содырлардың көксегені – елдің тыныштығын бұзу. Осыны ескерген құзырлы орган өкілдері қаралы хабарды естіген бойда елімізде қауіпсіздікті күшейтті.
Халық ең көп шоғырланған әуежай мен теміржол вокзалдарында, Алматы метрополитенінде сақтық шаралары қолға алынды. Мемлекеттік шекара аймағында да бақылау күшейтілді. Бірақ елімізге көрші мемлекеттен келем деушілерге тыйым салынбайды. Шекара штаттық жүйеде жұмыс істеп жатыр.